БҰҰ қабылдаған кассеталы бомбаларды қолданбау жөніндегі конвенцияға қол қоймаған елдерді атап бере аласыздар ма?
Әйгерім АЙДАРХАНҚЫЗЫ, Астана
Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап БҰҰ-ның кассеталы бомбаларды қолданбау жөніндегі конвенциясы өз күшіне енеді. Кассеталы бомба жарылған сәтте өте үлкен көлемдегі территорияға ұсақ жарылғыш снарядтар лақтырады. Адам құқығы жөніндегі белсенді заңгерлердің айтуынша, мұндай жарылғыштардан ұшқан снарядтар көбіне іске қосылмай қалып, түскен орнында көптеген жылдар бойы жата береді. Тіпті аймақта бейбітшілік орнағаннан кейін де адамдарға төнетін қауіп сейілмейді.
Бұл конвенцияға әлемнің жүздеген мемлекеттері қосылды. Алайда оған қол қоюдан бас тартқан мемлекеттер де бар. Мысалы, АҚШ, Ресей, Пәкістан және Израиль.
Кассеталы бомбадан қауіп көп
Последние статьи автора