Кәффаратты қалай өтейді?
Былтыр інім оразасын әдейі бұзып жіберді. Әдейі бұзылған оразаның үлкен күнә екенін білемін. Сұрайын дегенім, еш себепсіз бұзылған оразаны қалай өтеуге болады?
Айбын ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ, Алматы қаласы
Діни мамандардың айтуынша, кімде-кім Рамазанда ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы керек. Құранда бұл жайлы: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар», – делінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті кәффарат жүктеледі», – дейді. Бірақ Рамазан оразасынан тыс оразаларға тек қана қаза керек.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу