Ораза бұзылған жағдайда қазасын өтеу керек және кәффарат беру керек деп жатады. Осыны түсіндіріп берсеңіздер.
Қаза дегеніміз – әрбір бұзылған ораза күнінің орнын толтырып ораза ұстау. Құранда бұл жайлы «Бастаған істеріңді бұзбаңдар» делінген. Ал кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз бір күн оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе бір күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған ерік-жігері жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Бірақ Рамазан оразасынан тыс оразаларда тек қана қазасы өтеледі. Рамазан айында ешбір себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә. Сондықтан себепсіз ораза тұтпаған адамға осындай ауыр кәффарат жазасы белгіленген.