Кейбір тұрғындар қоғамдық көлікке итімен, мысығымен бірге мініп жатады. Бізде, Алматыда, ит-мысықты автобуста алып жүруге рұқсат берілген бе, оның тәртібі бар ма?
Айнара Жүгінісова, Алматы қаласы
Алматы қаласы мәслихаты бекіткен «Алматы қаласында жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы» шешімінің 57-тармағына сәйкес, жолаушы итті қалалық қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында тұрып қана тасымалдай алады, ол үшін итке тұмылдырық кигізілуі және қысқа баулы қарғы тағылуы керек. Қожайынында иттің нәжісін жинап алатын ыдыс болуы міндетті. Декоративті тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда болса және олардың нәжісін жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады. Қоғамдық көлікке ауру иттер мен мысықтарды кіргізуге рұқсат етілмейді, сол сияқты нәжісін салатын ыдысы жоқ, тұмылдырығы мен қысқа қарғыбауы жоқ ит-мысықтарды, мас адамдар мен 14-ке толмаған балалардың иттерін қоғамдық көлікпен алып жүруге тыйым салынады.
Ит-мысықты қоғамдық көлікпен алып жүруге бола ма?
Последние статьи автора