Іссапарға шыққандағы тәуліктік төлем мөлшері қанша?

Бұрын жекеменшік медициналық орталықта жұмыс істеген кезімде Астана қаласына іссапармен барған едім. Сонда тәуліктік төлем төрт айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде төленген еді. Қазір мемлекеттік емханада жұмыс істеймін. Таяуда іссапарға барып келдім. Бірақ маған екі АЕК мөлшерінде тәуліктік төлем төледі. Осы дұрыс па?
Айнаш ӘЛІМАРДАНОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың мәліметіне сүйенсек, қызметкерлердi iссапарларға жi­берудiң талаптары мен мерзiмдерi ең­бек шартымен, ұжымдық шартпен не­месе жұмыс берушiнiң актiсiмен ай­қын­далады.
Іссапарларға жiберiлетiн қызмет­керлерге:
1. Қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер;
2. баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;
3. тұрғын үй жалдау шығыстары төле­недi.
Мемлекеттік мекемелерде іссапар шығыстарды төлеу тәртібі «Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген, оған сәйкес іс­сапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi, оның ішінде iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi.
«2011-2013 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай­лық есептік көрсеткіш 1512 теңгені құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста