Қазақстанда Интерполдың жергілікті бюросы бар деп естимін. Оған қызметке алыну үшін не істеу керек, жұмысқа қабылдаудың талаптары туралы жазсаңыздар екен.
Жасұлан Қаратаев, Жезқазған қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының хабарлауынша, Қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы – Интерполдың Ұлттық орталық бюросы 1993 жылы құрылды. Мұнда қызметке алынудың жалпы талаптары еліміздің ішкі істер органдары қызметкерлігінен үміткерлікке қойылатын шарттармен бірдей. Қосымша мәліметтер жария етілмейді. Жұмысқа қабылдау мәселелері туралы толық ақпарат алу үшін Интерполдың ұлттық орталық бюросына немесе ішкі істер органының тұрғылықты мекенжай бойынша аумақтық бөлімшесіне хабарласу қажет.
Интерполдың жұмысқа қабылдау талаптары қандай?
Последние статьи автора