Жылқы жануарын халқымыз тұқымына қарай өзінше жіктеген ғой. Ал зоология ғылымы жылқытұқымдастарды қанша түрге бөледі?
Мұхтар АЙДАРБАЕВ, Маңғыстау облысы
Қазіргі зоология жіктеудің мейлінше кең тараған әдісі бойынша жылқы тұқымдарын жеті түрге бөледі:
Жабайы жылқы – Equus ferus
Үй жылқысы – Equus ferus caballus
Пржевальский жылқысы – Equus ferus przewalskii
Кианг – Equus kiang
Құлан – Equus hemionus
Жабайы есек – Equus asinus
Үй есегі – Equus asinus asinus
Тау зебрасы – Equus zebra
Шөлдің жолақ түсті жылқысы – Equus grevyi
Бурчелл жолақ түсті жылқысы – Equus quagga.
Кейбір ғалымдар есек пен құланды жылқы тұқымына жатқызбайды, олардың пікірінше, бұл екеуі жылқыдан плиоцен дәуірінде бөлініп шыққан. Зебраны да бұл тұқымнан бөліп қарайтын теориялар бар. Ал үй жылқысының өзінің 430-ға жуық түрі бар, бұрынғы КСРО аумағында оның жетіден бірі өсірілген.
Ғылымда жылқы тұқымы қалай жіктеледі?
Последние статьи автора