Грузия мемлекеті Ресеймен арадағы текетірестен кейін ТМД ұйымына қатысты барлық іс-қимылдарын уақытша тоқтатып еді. ТМД қатарынан шықты ма?
Ерболат, Шымкент
Жуырда ғана Грузияның сыртқы істер министрі Нино Каландадзе осы тақырыпта мәлімдеме жасап, Грузияның ТМД елдері қатарынан толықтай шығатындарын мәлімдеген болатын. «Қазір біз ТМД мүшесі болып табыламыз. Бізге артық міндеттемелер қажет емес», – деді ол. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Грузияда ТМД елдерінің арасында тарайтын «Мир» телеарнасының таралымы тоқтатылды. Жалпы, Грузияның ТМД-дан шығатыны 2008 жылы жарияланған болатын. Бір жылдан кейін олар аталған ұйымнан шығуға қатысты іс амалдарын бастады. Соңғы деректер бойынша, Грузия мемлекеті ТМД қатарынан толыққанды шығу үшін тағы да 30 шақты құжат бұзылуы керек.
Грузияның ТМД қатарынан шығу үдерісі жалғасуда
Последние статьи автора