Гольфты теледидардан көрген сайын ойыншылардың бірнеше таяқша қолданатындықтарын байқадым. Сондай-ақ жандарында таяқшаға толы арба жетектеп, бір адам еріп жүреді. Сонда олардың соққы жасайтын қанша таяқшалары болады?
Азамат Айтқазыұлы, Қарағанды облысы
Гольф таяқшасы вуд, айрон, гибрид, веджи, паттер болып, беске бөлінеді. Бұл таяқшалар ойын барысында әртүрлі жағдайда қолданылады. Атап айтар болсақ, вуд таяқшасымен алғашқы соққы орындалады. Ал айронмен орта қашықтықтағы соққылар жүзеге асырылады. Гибридпен алысқа сермеуге болады. Вейджи айналдырып ұрғанға өте тамаша. Негізінен, құмға түскен доптарды ұрғанға қолайлы. Паттермен өте жақын орналасқан гольф ұяшығына соққы жасалады.
Негізі, гольф ойынының ережесі бойынша әр ойыншы өзімен бірге 14 гольф таяқшасын алып жүреді. Әрі осы таяқшаларды ойын барысында өзінің қалауынша ауыстырып отырады. Сынып қалса, алмастырады. Гольф таяқшаларына арналған арба да бар. Оны сүйретіп, ойыншыға көмектесіп, бір адам жүреді. Гольф тілінде оны кеди деп атайды. Сондай-ақ гольфшының арнайы аяқ киімі, қолғабы, қолшатыры, қол сөмкесі, бас киімі болады. Біздің елде гольфтың құрал-жабдықтарын әуесқойлар үшін 500-600 АҚШ доллары көлемінде сатып алуға болады. Кәсіпқойларға арналғандары 2-3 мың АҚШ доллары тұрады. Арнайы тапсырыспен 30-50 мың АҚШ доллары көлемінде жасататындар да бар. Сонымен қатар, құрал-жабдықтарды жалға алуға да болады.
Гольф ойыншысында неше таяқша болады?
Последние статьи автора