Еркектер неге жылайды?

Ерлердің екі көзге ерік беруі – өте сирек ұшырасатын жағдай. Алайда қалыптасқан қағида бойынша, нағыз ер қандай жағдайда жылап, қандай жағдайда жыламай шыдауы керек?
Ернұр Асылханұлы,
Алматы қаласы

Ер адам мына жағдайларда жыламайды:
а) басына қанша қиындық түссе де, тіпті бірінен кейін бір сәтсіздікке ұшыраса да;
ә) ауруы жанына қатты батып бара жатса да;
б) тіпті сүйіктісі сырт айналса да;
в) сеніп келген нәрсесі аяқастынан 180 градусқа кері бұрылса да;
г) жекпе-жек кезінде де, одан кейін де, тіпті жеңіліп жатса да;
д) ет жақыны ауыр халде жатса да, оның көңілін сұрай келген азамат көзінен жас шығармайды. Бұл – ерлер үшін жазылмаған заң.
Ал енді ерлердің көз жасын көруге тура келетін мынадай санаулы ғана жағдайлар бар:
а) шайқас алаңында не соғыста қандыкөйлек досынан айырылған азаматтың бір тамшы жасының өзі бүкіл қасіретті айтып береді;
ә) анасы не әкесі, жұбайы не баласы қайтыс болған еркектің көз жасын шығаруға хақы бар. Бірақ соның өзінде ол қабір басында көптің көзінше емес, оңашада ғана жылайды;
б) ең соңғы сәт, тіпті мықты деген еркектің өзі өзінің Жаратқаннан қаншалықты алыстап кеткенін түсінген сәтте, Құдайдың пендесіне сонда да қаншалықты мейірім төгуін аямағанын түсінген сәтте егіле жылайды. Мұндай ерді көрсеңіз, онда нағыз азаматты ұшыратқаныңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста