Еңбекке жарамсыздық парағы болғанда тәртіптік шара қолданыла ма?
Мен бір жұма еңбекақысы сақталмаған еңбек демалысында болдым. Келесі жұмада науқастануыма байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алдым. Кейінгі дүйсенбіде жұмысқа келсем, маған жұмыста себепсіз болмағаны үшін деп қатаң сөгіс жариялап, бұйрық шығарыпты. Осы дұрыс па?
Мағауия Саттаров, Шымкент қаласы
ҚР Еңбек кодексіндегі анықтамаға сәйкес, еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктiлiгi мен босануы бойынша, әлеуметтiк жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдемақы алу үшiн негiз болып табылады. Осы орайда, уақытша жарамсыздық парағы бола тұра, қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Сонымен қатар еңбек заңнамасы бойынша қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болу онымен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға, тәртіптік шара қолдануға тыйым салынады (Кодекстің 73-бабының 5-т. 1 тармақшасы).