Еңбек кітапшасын қалпына келтіруге болады

Қол астымда жұмыс істейтін бір-екі қызметкердің еңбек кітапшасын абайсызда суға түсіріп алдым. Содан бұрынғы жұмыс істеген мекемелердің мөрі өшіп қалды, жазуының сиясы жайылып кетті. Енді оны қалай қалпына келтіруге болады? 
Аманат Жылқышиев,
Қарағанды
ҚР Еңбек кодексінің 34-бабына сәй­кес, қызметкердің еңбек қызметін рас­тайтын құжаттарға еңбек кітапшасынан өзге мынадай құжаттар жатқызылады: қызметін тоқтату мен оның негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты; еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туын­дауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшір­мелер; жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған, не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); қызметкердің еңбек қызметі ту­ралы мәліметтер жазылған мұрағат анық­тамасы. Осы құжаттар арқылы еңбек кі­тап­шасында жойылған мәліметтерді қал­­пына келтіруге болады. Егер еңбек кі­тапшасының зақымдануына жұмыс бе­руші кінәлі болса, онда мәліметтерді мұ­рағаттан өзі сұратуы тиіс.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста