«Экономикалық адам» деген қандай адам?
Бір танысым «мен – экономикалық адаммын» деп сөйлегенді ұнатады. Ал оның мамандығы мүлде басқа. Сөйте тұра, ол өзін экономист санағаны ма?
Ардақ Шудабаев, Ақтөбе
Ең алдымен осы екі терминді ажыратып алған жөн. Экономист – экономика, экономикалық ғылымдар саласындағы, сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі маман.
Экономикалық адам (лат. Homo economicus) – шартты жалпы ұғым.
1) Жоғары пайда табу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ұтымды жоспарлар құратын адам.
2) Перманентті баюға ұмтылатын адам.
3) Іс-әрекеті, мінез-құлқы негізінен экономикалық табиғи факторлармен анықталатын адам.
Сіздің танысыңыздың бойынан осындай белгілер байқалса, онда ол шынымен «экономикалық адам» болғаны.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу