Экологиялық аймақ тұрғындары қандай жеңілдіктерге ие?

Жиырма жыл бойы экологиялық аймақта тұрған еліміздің аза­мат­тарына «жұмыс орнында жеңілдіктер көрсетіледі» деп жатады, яғни демалыс күндеріне қосымша күндер қосылып, жәрдемақы төле­неді-міс. Осы рас па? Жалпы, басқа қандай жеңілдіктер көр­сетіледі?
Кенжехан АЛДАБЕРГЕНОВ,
Қызылорда облысы

Сіздің сауалыңызға қатысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің мамандары былай деп жауап бер­ді:
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңын жүзеге асыру жө­ніндегі шаралар туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 желтоқсандағы №1057 қаулы­сы­на сәйкес, жыл сайын ақы төленетін қо­сымша демалыс:
– Экологиялық апат аймағы бойынша – 12 күнтізбелік күн;
– Экологиялық дағдарыс аймағы бо­йын­ша – 9 күнтізбелік күн;
– Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша 7 кү­н­тіз­белік күн беріледі.
Еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүр­ген төлемдердің үстіне бір айлық та­риф нарқы немесе қызметтік айлықақы кө­­ле­мінде материалдық көмек көр­сетіле­ді.
Бұл мәселеге байланысты толық мә­­ліметті тұрғылықты мекенжайыңыз бо­йын­ша жұмыспен қамту және әлеумет­тік бағ­дарламаларды үйлестіру басқарма­сына хабарласуыңызға болады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста