Мектептің техникалық қызметкерлеріне екі жерде жұмыс істеуге бола ма? Болса қандай заң арқылы көзделген?
Айгүл АҚБЕРГЕНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Ш.Молдабекова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы:
– ҚР Еңбек кодексінің заңнамаларына сәйкес (198-б.) негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқаратын жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығы нормасынан (8), 4 сағаттан аспауға тиіс. Осы орайда кез келген қызметкерлердің екі ставкада (яғни 16 сағат бойы) жұмыс істеуіне жол берілмейді. Сонымен қатар зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қоса атқаратын жұмыстарда істеуге болмайды.