Жақында «Алаш айнасы» газетінің бір санында Мұхаммед Хайдар Дулати жайлы мақала жарық көрді. Жалпы, ғалымның «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі не жайлы?
Ұлықбек Жарқынұлы, Алматы қаласы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінің қазақша атауы «Хақ жолындағылар тарихы» деп аталады. Еңбек XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипатта жазылған. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и Рашиди» – ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Онда ғалым Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Үндістан т.б. елдердің халықтары, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныстырады.
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі не жайлы?
Последние статьи автора