Мен ауыл мектебінде дипломсыз жұмыс істеймін. Менің білгім келгені, маған қай санат бойынша жалақы төленуі тиіс?
Ақмарал ЖАЙЛЫБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне қарағанда, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Қаулыға 1-қосымшамен бекітілген Азаматтық қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, еңбекақы төлеу біліктілігі орта деңгейдегі мамандарға G-13 санаты бойынша жүргізіледі.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосымшада бекітілген.
Мектепте мұғалім болып істеу үшін белгілі бір білім деңгейінің болуы қажет.
Сондықтан қай санатпен ақы төленетінін білу үшін алдымен сіздің лауазымыңызды анықтап алу қажет.
Дипломсыз жұмыс істегенде қай санат бойынша жалақы төленеді?
Последние статьи автора