Дипломды қайта қалпына келтіруге бола ма?
1982 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын (бұрынғы сәулет-құрылыс институты) бітірген едім. Бірақ академияны (институтты) бітіргендігім туралы дипломды жоғалтып алдым. Қазіргі уақытта бұрынғы институт академияға айналып кетіпті. Енді дипломның телнұсқасын (дубликатын) алуыма бола ма? Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі?
Баймұхан, Оңтүстік Қазақстан облысы
Оқырман сұрағына қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы тіркеу бөлімінің маманы Анар Дәрменова жауап береді:
– Егер де сіз біздің академияны бітіргендігіңіз туралы дипломды жоғалтып алған болсаңыз, талап етілетін, төмендегідей құжаттарды академияның тіркеу бөліміндегі құрылыс факультеті мамандарына тапсыруыңыз керек.
Талап етілетін құжаттар:
– Жеке бастың куәлігі;
– Газетке жоғалғандығы туралы берілген хабарлама;
– Мекенжай туралы анықтама немесе үй кітапшасының көшірмесі;
– Диплом және қосымша бет үшін академияның кассасына төленген соманың түбіртегі.