Қазір кене көбейіп жатыр ғой. Табиғат аясына демалуға шыққанда кене шағып ала ма деп қорқамыз. Егер денеге кене жабысып қалса, оны қалай дұрыстап алу керек?
Сәкен ЕРМҰРАТОВ, Алматы облысы
«Апат медицинасы орталығы» ММ мамандарының айтуынша, кене шағып алған уақытта адам бірден емханаға не жарақат пунктіне баруы қажет. Егер ондай мүмкіндік болмаса, адамның жабысқан кенені өз қолымен алып тастауына тура келеді. Ол үшін мына нәрселерді білген жөн:
1. Кенені алу үшін абайлап, медициналық қысқышты пайдаланған жөн немесе бармақ пен сұқ саусақты дәкеге орап, ұстау қажет. Алдымен кенені жақсылап ұстап алып, оны өз осінен айналдыра жұлып алу керек. Жарақат орнына спирт, йод немесе әтір жағылғаны дұрыс.
2. Қауіпті жәндікті жіппен алуға болады: ірі кенені жіпке орап, жоғары көтере тарту керек. Бірақ мұндай жағдайда кененің бізі денеде қалып қоюы мүмкін.
3. Инемен немесе түйреуішпен де алуға болады. Жарақат орны йод ерітіндісімен сүртілуі керек.
Кене шаққан адам оны денесінен алып тастағаннан кейін де дәрігерге қаралуға міндетті.
Денеге жабысқан кенені қалай алу керек?
Последние статьи автора