Декреттік демалыстан келгенде біліктілік санаты төмендетіле ме?

Үш жыл бала күту демалысында болып, биыл бұрынғы жұмысыма қайта шықтым. Демалысқа кетерден екі жыл алдын жоғары санатқа ие болғанмын. Алайда мектеп есепшісі маған жалақыны бірінші санат бойынша төлеп отыр. Себебін сұрасам, «сіз үш жыл сабақ берген жоқсыз, сондықтан жоғарғы санатыңызды қайта қорғамайынша, сізге жалақы бірінші санат бойынша төленеді» дейді. Мектеп есепшісінің осы әрекеті заңды ма?
Н. ҚҰРМАНБЕКҚЫЗЫ,
Алматы облысы
Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА, Алматы қалалық білім басқармасының аттес­тациялау және лицензия бөлімінің бастығы:
– Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұй­рығымен «Педогог қызметкерлерді аттестаттау ере­жесі» бекітілген. Осы ереженің 44-пунктіне сәйкес, педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініші негізінде мынадай жағдайларда екі жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады:
1) педагог қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы (екі айдан астам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы №1171 қаулысымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанда;
2) жүктілік және бала туу, баланы күту бойынша демалыста болуы;
3) іссапарда, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде оқуда (тағылымдамада) болуы;
4) тоқтатқан себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы қызметіне қайта келуі;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыс орнының ауысуы;
6) білімін, еңбек өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттары бар болған жағдайда жақын және шетелдерден Қазақстан Республикасына келген тұлғалардың педагог қызметін жүзеге асыруы.
Осы бұйрық негізінде өтініш жазып, біліктілік санатыңызды екі жылға ұзартуға құқылысыз. Сон­дықтан есепшінің бұл іс-әрекеті заңсыз болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста