Құрбым 2008-2009 жылдар аралығындағы еңбек демалысын 2009 жылдың мамыр айында алуы керек болатын. Бірақ 2008 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2009 жылдың 1 наурызына дейін декреттік демалысқа шықты (бала туғанға дейінгі, бала туғаннан кейінгі). Еңбек демалысын алатын мерзімге екі ай жетпейді, сонда да декреттік демалыстан кейін еңбек демалысын алуға бола ма?
Жангүл Асанова, Тараз қаласы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасының сарапшысы Д.А.Бейсембаева былай дейді:
– 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін, не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
Декреттік демалыстан кейін еңбек демалысын алуға бола ма?
Последние статьи автора