Мен мектепте төрт ай жұмыс істегеннен кейін декреттік демалысқа шықтым. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттарымды тапсырсам, олар декреттік төлемнің кем шығатынын айтты. Себебі зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасы уақтылы аударылмаған. Декреттік ақшаны толық алу үшін не істеуім керек?
Бақытгүл Өмірзақова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Мамандардың мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) жүктілігі және босану жағдайына әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі – ӘТжб) мөлшерін анықтауға өтініш білдірушінің жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (науқастық парағы) берілген күнге дейінгі соңғы 12 ай ішінде жұмыс берушісімен қорға ай сайын төлеген әлеуметтік аударымдары негіз болады. Қордан ӘТжб тағайындау үшін қажет құжаттардың бірі болып науқастық парағы берілген күнге дейінгі соңғы 12 күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама саналады. Анықтамада есептелген және төленген әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары туралы мәлімет көрсетілуі керек. Анықтама сіздің әлеуметтік жеке кодыңыз бойынша жүргізілген әлеуметтік аударымдарыңыз бен міндетті зейнетақыны сәйкестендіру үшін қажет. Осыған орай, төленуі тиіс міндетті зейнетақы жарнасы кешігіп аударылғаны туралы «ескертпеде» түсініктеме жасалуы керек.
ӘТжб тағайындау жөніндегі құзыретті орган болып Аумақтық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті саналады (бұдан әрі – Департамент). Осыған орай, ӘТжб қорытынды сомасын тек департамент анықтайды. Департаменттің ӘТжб сомасының дұрыс анықталуына сіздің жұмыс берушіңіздің табысқа қатысты ресми берген анықтамасы әсер етеді немесе жұмыс берушіңіз заңнамаға сәйкес қате аударылған соманы қайтарып, әлеуметтік аударым кезеңін дұрыс көрсетіп, қайта төлеуі керек.
Айта кетерлік жайт, ӘТжб тағайындауға құжаттарды сіз науқастық парағы берілген күннен бастап 12 ай ішінде өткізе аласыз.
Декреттік ақшаны толық алу үшін не істеуім керек?
Последние статьи автора