Декретте болған адамға еңбек демалысы есептеле ме?
Мен 2002 жылдан бері ауруханада медбике болып қызмет етіп келемін. Соңғы еңбек демалысын 2012 жылдың қараша айында алып, декреттік демалысқа кеттім. 2015 жылдың қаңтарынан өз жұмысыма қайта шықтым. 2013-2014 жыл аралығындағы кезекті еңбек демалысымды алайын десем, аурухана әкімшілігі «ол уақытқа еңбек демалысы тиесілі емес» деп отыр. Осы заңды ма?
Жансұлу, Маңғыстау облысы
Сарапшы маманның айтуынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
Кодекстің 106-бабына сәйкес, жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген 12 айды құрайды. Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған уақыт үшін беріледі.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Сонымен бірге, кодекстің 107-бабына сәйкес, қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.