Data-орталық дегеніміз не?

Жақында Үкімет басшысы Павлодар облысында Дата-орталық құру жөнінде мәселе көтерді. Ол не, не үшін керек?
Нұрқанат,
Алматы облысы

Дата-орталық – қазіргі заманғы ком­­пью­­терлік технологиялардың, ақпа­раттық-байланыс құралдарының ақ­паратын сақ­тау және өңдеу ор­талықтары. (Оның үлгілерімен Гол­­­­­­ли­­­вудтың «Тер­минатор-2», «Креп­кий орешек-4» тәріз­ді фильмдері арқылы таныспыз).
Егер бұрынғыдай барлық іс-құжат­тары қағаз жүзінде жүретін болса, бір ғана банктің бір күндік құжат айна­лымының өзі кішігірім жүк машинасын толтыратын еді. Ал қазір орташа ком­паниялардан бастап, Үкіметтің элек­тронды жүйесіне дейін ондағы ақпарат­тардың бір жерде сенімді түрде сақ­талуын, тиісінше өңделуін, ұдайы толық­тырылып отыруын, қорғалуын қажет етеді.
Қазір де көптеген компаниялардың, банктердің өздерінің дербес орта­лық­тары бар. Бірақ олар шағын болған­дықтан, мұндай орталықтарға қойы­латын тиісті талаптар деңгейінде емес. Ал салынуы тиіс қазіргі жаңа Дата-орталық ең жоғарғы халықаралық талаптарға (Tier 4 (2(N+1)) ) жауап бере алатын, суперкомпьютерлер жұ­мыс істейтін, кең жолақты байланыс канал­дары бар, бірнеше деңгейлі қорғаныс жүйесімен виртуалды, табиғи, техногенді апаттардан барынша қор­ғалған, электр қуатымен жаб­дықталуы аса сенімді орталық болуы тиіс. Мұндай қазіргі за­ман­ғы, ең соңғы техноло­гиялармен жаб­дық­талған электронды ақпараттарды сақтау ор­талығы елімізге ғана емес, барлық Орталық Азия елдеріне, тіпті дүниенің бар түкпіріне қызмет көрсете алады. Өйткені ақпараттық технология үшін қазір «алыс-жақын» деген ұғымдар жоқ.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста