Дар ойыны деген не?

Дар ойыны деген не?

Дар ойыны деген қандай ойын түрі? Мен бұл атауды естігенмен, нақты анықтамасын біле алмай келемін. Осыны анықтап түсіндіріп бере аласыздар ма?
Нұрқанат,
Алматы
Энциклопедиялық анықтамалықтар керілген арқан үстінде көрсетілетін ойын-сауықтың Орта Азиядағы атауы «Дар ойыны» деп аталғанын жазады. Бұл ойын түрі XV ғасырда Батыс Еуропада жәрмеңке сайқымазақтарының сауығы ретінде пайда болды. Дар ойыны Ресейде XVIII ғасырда тарай бастады. ХІХ ғасырда қазақ даласында дар ойынының кейбір элементтері үлкен жәрмең­келерде көрсетіле бастады. Ойынға қатысушылар­ды «даршы» деп атаған. Олар ұлттық мейрамдар мен маусымдық жәрмеңкелерде көпшілікке ойын-сауық көрсеткен. Ол ойын түрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Ол асқан ептілік пен жүректілікті қажет ететін ойын. Оған үздіксіз жаттығу мен машықтану керек. Даршылардың ойын көрсететін негізгі құралы – ұзын әрі жеңіл екі бөрене, сырық пен арқан болған. Кейде арқан орнына сым да қолданылған. Даршылық өнер әсіресе Ферғана, Бұхара, Қоқанда кең өріс алды. Кеңес заманында ойынның бұл түрі цирк өнерінің құрамдас саласы ретінде қайта туып, жаңаша сипатта жедел қарқынмен дамыды. Қазір бұл ойын түрі қазақ жерінде тек цирк өнерінің бір түрі ретінде ғана қолданылып жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста