Қазіргі мезгілде күн қатты ыстық. Далалық алқаптарда құрғақ шөп жылдам өртенеді. Орманда, далалықта жүргенде өрт шықса, оны сөндіру мүмкін болмағанда, қалай сақтану керек?
Жасұлан ШЫМЫРБАЕВ, Ақтөбе қаласы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының кеңесінше, орманда немесе шымтезекті алқапта өрт шыққан кезде, оны ауыздықтау мүмкін болмаған жағдайда, сол жердегі барлық адамға қауіпсіз аймаққа шығуды ескерту керек. Адам өмірінен маңызды ештеңе жоқ! Ну орманның ортасында қалсаңыз немесе өртке адасып жүргенде тап болсаңыз, кең алаңқайға, ағашы сирек жерге шығуға асығыңыз. Өзен-көл жағасына шықсаңыз, тіпті дұрыс. Егер өрттен алысқа ұзау мүмкін болмаса, суқойма жағасында отырып, киімдеріңізді дымқылдап алу қажет. Мұрын мен ауызды дәке не шүберекпен тұмшалап алған жөн. Қауіпсіз аймаққа жеткен бойда, өрт туралы тиісті орындарға және жақын маңдағы жергілікті тұрғындарға хабарлауды ойластыру керек.
Далада тұтанған өрттен қалай сақтанған жөн?
Последние статьи автора