Жоғары білім алу үдерісінде босаған білім гранттарын беру тәртібі қандай?
Алтынай Қасенова, Атырау облысы
Жоғары білім алу процесінде босаған білім гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңестің шешімімен бірге осы жылдың 5 тамызынан 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік рәсімделеді;
5) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.
Босаған білім гранттарын қалай иеленуге болады?
Последние статьи автора