Қазір кез келген сауда орнына барсаңыз, бөдене жұмыртқасы сатылымда тұрады. Сатушылар бұл жұмыртқаның көптеген ауруларға ем екенін айтады. Мен бөдене жұмыртқасы қандай ауруларға шипа болатынын білсем деп едім.
Мұрат ТӨЛЕГЕНОВ, Алматы қаласы
Бөдене жұмыртқасының көптеген ауруларға ем екені рас. Оны демікпе, созылмалы өкпе ауруы, туберкулез, созылмалы гастрит, асқазан, өт қалтасы мен жүрек-қан тамырлары ауруы, рахит, қаназдық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады. Бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында таптырмайды және адам бетінің түсін жақсартады. Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі маскалар мен кремдер де шығарылады.
Бөдененің жұмыртқасы мың бір дертке ем екен
Последние статьи автора