Осы Біржан-Сара айтысы өмірде болған ба? Сіздер соның анығын біліп бере аласыздар ма?
Жәнібек, оқушы, Шымкент қаласы
Бұл тақырып турасында газетіміздің 2011 жылғы 21 шілдедегі санынан Жадыра Жұмакүлбайдың мақаласын тауып оқысаңыз болады. Дегенмен біз соның нақты сіздің сауалыңызға жауап беретін жерінен қысқаша үзінді келтіре кетсек.
Расында, тарихта болған Біржан сал мен ақын Сараның кездесуінен туған түйткілді ой еді. Жиенқұлдай жаманға айттырылған Сараның тағдырына алаңдаған Біржанның әдейілеп Жетісуға іздеп барып, Тұрысбек қажыға арыз айтқанын Сара Тастанбекқызының өмірін терең зерттеген Т.Қалилаханов тәптіштеп жазған. Демек, Біржан мен Сара арасындағы әңгіме тарихта болған, Біржан мен Сараның бір-біріне қаншама өлең арнағанына қарап, бұл айтыста негізгі тұлғалардың да үлесі бар екендігін ұмытпаған жөн.
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғылымының докторы, Абайдың ақындық ортасын зерттеуші:
– Айтыстың толық нұсқасы деп танылып жүрген 1899 жылғы Зайсан нұсқасын негізге алсақ, Әріп ақын Біржан мен Сараның кездесуін, ондағы өлең сөздерін арқау ете отырып, айтысты белгілі бір сюжеттік желіске құрылған көркем шығарма етіп жазған. Біржанның Ешкіөлмеске келуі, Сараның шешесімен, сіңлісімен айтысуы, Әріпке жақын тақырып – ел арасындағы тартысты Сараның бас бостандығы сияқты тақырыпқа ұштастырып әкеліп, әдемі сюжеттік желіс құрауы Әріптің толық авторлық құқығын айқындайды.
Біржан мен Сара айтысқан ба?
Последние статьи автора