Өнер адамдарының өмірі мені қатты қызықтырады. Қолымда Шара Жиенқұлова, Бикен Римова, Әмина Өмірзақова сынды апаларымыз бен Асанәлі Әшімов сынды актер ағамыздың өмірі жайлы кітаптар бар. Бірақ осы неге Бибігүл апамыз жайлы толыққанды бір кітап жоқ?
Мүслима ҚАБДІРАХМАНҚЫЗЫ, Семей қаласы
Қазақтың бұлбұл әншісі, Халық әртісі Бибігүл Төлегенова өмірінің көпке қызық екені даусыз. Әрі сексеннің сеңгіріне шыққан әншінің бір кітапқа жүк боларлық өнері де, өмірі де бар. Расында, осы кезге дейін ол кісі жайлы әр кездерде басылымдарда жарық көрген мақалалар мен сұхбаттар, болмаса өмірбаяндық, яғни мемуар еңбек жоқ болатын. Бірақ сүйінші сұрай аламыз. Ирина Серкебаева атты автор «Бибігүл Төлегенова: сүю, үміттену және сену» атты тың кітап жазып шықты. Кітапта Бибігүл Ахметқызының қиындыққа толы балалық шағы, жастық ғұмыры, талайлы тағдыры, өнер жолындағы қиындықтар мен жетістіктері қызықты, тартымды тілмен жазылған. Кітаптың тұсаукесері таяуда, нақты айтсақ, желтоқсанның 19-ы күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.
Бибігүл Төлегенова туралы мемуар жазылған ба?
Последние статьи автора