Бала бағып отырған қызметкер еңбек демалысына шыға ала ма?

Балабақша қызметкері бір жылдан астам уақыт бойы бала күту демалысында болды. Яғни жұмыс істемеуіне байланысты соңғы 12 айда еңбек табысы болған жоқ. Осы қызметкерге еңбек демалысы тиесілі ме? Соңғы 12 айда еңбек табысы жоқ болса, орташа айлық жалақыны есептегенде қай айларды аламыз?
Ақмарал,
Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, (бұдан әрі – Кодекс) әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсызды­ғына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдын­да нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Еңбек демалысының ұзақтығын жұмыс беруші толық немесе жоғарыда аталған еңбек өтіліне үйлесімді белгілеуге құқылы.
Сонымен бірге Кодекстің 239-бабына сәй­кес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын аза­маттық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы ең­бек демалысы лауазымдық жалақысы мөл­ше­рiн­де сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi. Яғни қызметкерге сауықтыруға арналған жәрдемақы еңбек демалысының ұзақтығына қарамастан, толық мөлшерде төленуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста