«Бабалар сөзінің» қай томынан не табам?

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Бабалар сөзі» 100 томдығының қолға алын­ғанын білеміз. Бірақ оған нақты нендей дүниелер еніп, нені қай томынан табатынымызды білмейміз. Және 100 томдықтың неше томы жарыққа шығып үлгерді?
Берік Жанғалиұлы,
Павлодар
«Бабалар сөзі» жинағының басты мақсаты:
1) 1917 жылға дейін араб графикасымен жарыққа шыққан барлық мәтіндерді қайта басып шығару;
2) бұрын жарық көрген барлық мәтіндерді қалпына келтірілген, яғни дәл түпнегіз қалпында басып шығару;
3) мәтіндерді бізге келіп жеткен қалпында, алғашқы кейпінде, яғни мәтінге кейін енгізілген өзгерістерсіз жарыққа шығару. Айта кетерлігі, бұл факсимилді басылым емес. Мұнда біркелкі жанрдағы шығармалар бір серияға топталады, олар:  дастан эпосы, ертегілік эпос, көне эпос, ай­тыс­тар және т.б. Мысалы, 1-томға Қазан төңке­рісі­не дейін жарық көрген, кейін халқымыздың рухани өмірінен аластатуға ұшыраған «Сыршы молда», «Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», «Орқа-Күлше», «Қисса Таһир» секілді хи­кая­лық дастандар енсе, осылай 32 том дастанға ұла­са­ды да, 33-томда «Алпамыс батыр» жы­рының сегіз нұсқасы беріледі. Қай томға не енгені жайлы толық ақпаратты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сайтынан табуға болады. Ал бүгінде оның 75 томы жарық көріп үлгерді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста