Мен биыл бірінші рет ауыз бекіткелі отырмын. Жолдасым «ауыз ашқанға құрма сатып ал» дейді. Осыған байланысты сіздерге сауал қойғым келеді. Кейде құрманы жаннаттың жемісі деп жатады. Осы жемістің қай түрі кең таралған және Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қандай құрманы ерекше жақсы көрген?
Бақыт ТАСҚЫНБЕКОВ, Алматы қаласы
Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрі бар. Хижраның VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін зиярат етіп келген абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы – барни деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, барни деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы барни түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл, 3/432). Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «ажуа» деп аталатын құрма сортын жақсы көрген. Тіпті «ажуа құрмасы – жаннаттағы жемістердің бірі» (Тирмизи, Тыбб, 22) деген. Осы себепті ажуа құрмасы – әлі күнге аса көп сұранысқа ие.
Ажуа – ең көп таралған құрма түрі
Последние статьи автора