Кейде күнделікті ішіп жүрген суымыздың құрамында хлор көбейіп кеткені байқалып тұрады. Бұл адам денсаулығына зиян емес пе? Құдық суы санитарлық талаптарға сай ма?
Қаламқас Әмірханова, Шымкент қаласы
И.В.ТЕН, Түрксіб аудандық МСЭҚБ бастығы:
– Халықты сумен қамтамасыз ету екі түрлі жолмен жүзеге асады. Бірі – жергілікті, яғни құдық суын пайдалану. Ал екіншісі – орталықтандырылған, яғни ортақ бір су көзін пайдалану. Ішімдік суға хлор, фтор қосылып, бактериалдық сәуле түсіріледі. Суда хлорлы әктің, сұйық хлор мен кремнефторлы натрий қосындысының мөлшерден асып кетпеуі және мөлшерге жетпей қалмауы тиіс. Бұл екі жағдай да адам денсаулығына қауіпті. Аталған қоспалар жетіспесе, тұрғындар арасына судан пайда болатын түрлі асқазан-ішек ауруының қоздырғыштары тарауы мүмкін. Ал фторлы препарат мөлшерден көп болса, адам уланып қалуы ықтимал. Сондықтан халықты таза сумен қамтамасыз етудің санитарлық мәні орасан. Су жүйесін пайдаланудағы кемшіліктер мен су құбырларында санитарлық ережелердің сақталмауы дизентерия, холера, туляремия, бруцеллез, лихорадка, лептоспироз , туберкулез таратуына жол ашуы мүмкін.
Негізінде жерасты сулары таза болып келеді. Өйткені оның қорғанышы – құм мен саз. Ал құм жақсы сүзгі рөлін атқарады. Жерасты суының өзі үшке бөлінеді: жоғарғы қабаттағы, грунттық және артезиан суы. Бұлардың бәрі – сапалы ауызсу.
Таза су – денсаулықтың кепілі. Сондықтан ауызсудың сапасына мән беру шарт. Құдықтағы және құбырмен келіп тұрған ауызсудың сапасына мұқият болған жөн. Ауызсу сапасына күдігіңіз болған жағдайда жедел түрде санитарлық дәрігерлерге хабарлаңыз.
Ауызсу құрамындағы хлордың денсаулыққа әсері қандай?
Последние статьи автора