Асыраушысынан айырылған балаларға жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар қажет?

Асыраушысынан айырылған балаларға жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар қажет?

Бір туысқанымыздың келіні қайтыс болып, балалары тұл жетім болып қалды. Бұған дейін балалардың әкесі қайтыс боған еді. Балаларға жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар дайындау қажет?
Еңсебай ЕГЕУБАЕВ,
Қарағанды облысы
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, ең алдымен, аудандық қорғаншылық органы арқылы қорғаншы тағайындалуы тиіс.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жа­рам­сыз  мүше­лерiне тағайындалады.
Ал ата-анасының екеуiнен де айрыл­ған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) жәр­демақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) та­ға­йын­далып  төленедi.
Бұл жәрдемақыға құқығы бар аза­мат­тар талап етілген құжаттарымен  қоса, тұрғылықты жері бойынша мем­лекет­тік зейнетақы төлеу орталығына өтініш берулері  қажет.
Жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;   
4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi;
6) қамқоршылықты (қорғаншылық­ты) растайтын құжаттың көшiрмесi; 7) 18 бен 23 жас аралығындағы балаларға күн­дiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табы­латыны туралы оқу орнының  анық­та­масы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста