Астананың да ауасы таза емес екен
Еліміздің астанасында ауа тазалығын бақылайтын тұрақтар бар ма? Бас қала атмосферасы қаншалықты таза?
Әсел Шәкенқызы, Батыс Қазақстан облысы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мамандарының мәліметінше, Астанада және еліміздің басқа да қалаларында атмосфералық ауаның жағдайын бақылайтын тұрақтар бар. Елордада мұндай тұрақтар қаланың жеті жерінде орналасқан. Олар қала аумағындағы ауаның құрамын өлшенген заттар, еритін сульфаттар, күкірт қостотығы, көміртегі оксиді, азот қостотығы және фторлы сутегі мөлшері бойынша тексереді. Өткен қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша, Астана ауасының ластану деңгейі (7,7 индекске тең) арта түскен. Ауа құрамында азот қостотығы (28 %) мен басқа да заттардың (69 %) қалыпты мөлшерден артық екені анықталды. Бірақ мамандар елорда атмосферасын экстремалды жоғары деңгейде ластанған аймақтар қатарына жатқызбайды.