Мәскеуде «Муз-ТВ»-ны басқаратын Арман Дәулетияровтың өз өмірі жайлы білгім келеді. Қандай отбасынан?
Сәуле, Алматы
Кітабының тұсаукесеріне келген баспасөз өкілдеріне өз өмірбаяны жайлы автор былай деді:
– Ресейдің Орынбор облысында өте қарапайым отбасында туылдым. Ата-анам нәпақасын таза өз еңбектерімен тауып жейтін адамдар еді, тіпті әкемнің көлігі де жоқ еді. Алайда арманым таудай еді. Дәл бүгінгі өмірім – менің бір кездегі арманым: «тым құрыса, Алла Пугачеваның жанына бір барсам, болмаса осы бүгінгі достарым Батырхан Шүкеновтермен шүйіркелесіп отырып шай ішсем» деген құштарлық мені сонау деревнядан Мәскеуге жетеледі. Мәскеуде ең құрығанда қарсы алатын бір адам табылса менен бақытты жан болмас еді дейтінмін. Қарсы алушының қолында шары мен балмұздағы болса деген бала арманымды айта салғанмын ғой бірде, сөйтсем келесі жолы барғанымда, аэропортта мені Батырхан досым күтіп тұр: қолында – шары мен шілденің шыжыған күніне шыдамай еріп кеткен балмұздағы.
Арман қандай адам?
Последние статьи автора