Әріптестерінің денесін тапқан төтеншеліктер марапатталды
Осыдан екі ай бұрын Балқаш көліне батып кеткен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және өрт сөндіру қызметі мамандарының денесін іздеуге атсалысқан азаматтардың еңбегі ескерілді ме екен?
Сәбит Нұрланов, Алматы облысы
Қарағанды облыстық апаттан құтқару қызметі мамандарының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божконың бұйрығымен Балқаш көліндегі іздестіру жұмыстарына жедел атсалысып, азаматтық борышын адал орындаған төрт азамат марапатталды. Ведомство басшысының Құрмет грамотасы Приозерск қаласының тұрғыны Хамит Мұсабековке тапсырылды. Ал қала әкімі Нұрлан Бікіров, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әуе қорғаныс күштерінің 44841әскери бөлімінің командирі Қуат Мұстафин және РФ Қорғаныс министрлігі «Сарышаған» полигонының командирі, полковник Павел Мырча алғысхатқа ие болды. Естеріңізге сала кетейік, бұл қайғылы оқиға сәуірдің 22-сінде болған еді. Ауа райының жайсыздығынан көлде дауыл тұрып, «Казанка» моторлы қайығы аударылған болатын. Төрт адам тереңге батып кетіп, екі азамат аман қалды.
Марқұмдардың денесін іздеу тура бір айға созылды.