Қазір көппен бірге Азия ойындарын тамашалап жатырмын. Мен үшін шаңғы-биатлон спорты өте қызық. Менің білейін дегенім, арчери-биатлон деген не?
Жанболат, Алматы қаласы
Халықаралық биатлоншылар одағының мәліметінше, арчери-биатлон деп, шаңғы жарысының садақ атумен біріккен түрін айтады. Оның тарихы ерте замандардан басталады, бірақ спорт түрі ретінде 1975 жылы Францияда рәсімделді. 1996 жылы арчери-биатлоннан алғашқы әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданып, екі жылдан соң, әлемнің 11 елі қысқы спорттың осы түрі бойынша шеберлерін бәсекеге салды. Бүгінде арчери-биатлон кең қанат жайып келеді. Алайда олимпиадалық ойындардың шаңғы жарысында садақ емес, винтовка қолданылады.
Арчери-биатлон деген не?
Последние статьи автора