Әр жүргізуші көлікті сақтандыру туралы не білуі керек?

Жол ережесін барынша бұзбауға тырыссаңыз да, еркіңізден тыс болатын жағдайлар кезігеді. Мысалы, көлік құлаған ағаштың астында қалса немесе оған басқа да кездейсоқ зақым келсе, едәуір шығын болатыны анық. Бірақ көлігін алдын ала сақтандырған жүргізуші қашан да қиын жағдайдан қиналмай шығады.

Көлікті сақтандыру туралы не білу керек? Сақтандыру компаниясын қалай таңдаған дұрыс? Еуропа елдерінде автосақтандыру қалай қолданылады? Олардан қандай үлгі алуға болады? Осы туралы айтамыз.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-тамызы аралығында Қазақстанда 10 109 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% көп.

Ресми статистика бойынша жол-көлік оқиғаларына көбіне екі тарап та кінәлі болады. Демек, тәжірибелі, жол ережесін жатқа білетін жүргізушінің өзі жол апатына кезігеді.

Алматы тұрғыны Күнту Арынбектің көлік жүргізе бастағанына бір жыл да болмады. Ол көлік сатып алмас бұрын жол ережесін жаттап, оны жүргізуге біраз уақыт дайындалған. Бірақ жақында ол кептелісте тұрып, алдында тұрған басқа көлікке соқтығысқан.

 Енді алғаш көлік айдап жүргеннен кейін рульде отырғанда өте мұқият әрекет етемін. Бірақ апат аяқ астында екен. Алматыда осы маусымда алғашқы қар жауып жатқанда Абай даңғылында кептелісте тұрдым. Ол кезде дөңгелектерді қысқы маусымға дайындап үлгермедім. Жер тайғақ болып, көлігімді тоқтатып үлгермей, алдымда тұрған жеңіл автокөлікке соқтығысып қалдым. Екі көлікке де сәл зақым келді. Енді алғаш рет мұндай оқиғаға кезіккен соң қатты қорықтым, – дейді Күнту Арынбек.

Қазақстанның жолдарында дәл осындай жол-көлік оқиғалары жиі болады. Көп кездесетін төтенше оқиға қатарында жаяуларды қағып кету мен көліктердің соқтығысуы тұр. 2018 жылы жол апаттарының 42,3%-і жүргізушілердің жаяу адамдарды қағып кетуі болса, 35,8%-і – көліктердің соқтығысуы.

Көлік сатып алғанда біраз құжат дайындаған едім. Сонда көлікті міндетті түрде сақтандыру қажет деген соң Amanat сақтандыру компаниясының полисін сатып алған едім. Ол кезде жол апаты дегенге жоламайтыныма сенімді болып, автосақтандыру жатқан шығын екен деп ойладым. Достарым да оны салық сияқты жыл сайын төлеп отырасың дейтін. Бірақ алғаш жол апатына тап болғанда сақтандырудың қадірін түсіндім. Компанияға бір рет қоңырау шалдым. Қызметкері ұзақ күттірмей келіп, мен соққан көлікті жөндеп беретін болды. Сөйтіп проблема тез шешілді. Мұндай мәселені шешуге жақын досым да, тіпті, туысым да көмектесе алмас еді, – дейді Күнту Арынбек.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әр жүргізуші міндетті автосақтандыру полисін рәсімдеуі қажет. АҚШ пен Еуропаның дамыған елдерінің бәрінде әр көлікті сақтандыру міндеттелген.

Мысалы, Германияның әр азаматы бала кезінен сақтандыру полисі жоқ көлікті пайдалануға болмайтынын біліп өседі. Бұл елде автосақтандырусыз жүру – қылмыстық іс. Мұндай жағдайда жүргізушіге ірі көлемде айыппұл салынады, тіпті түрмеге жабуы мүмкін. Сондықтан көлігіне зақым келген кез келген заңды немесе жеке тұлға жол апатына кінәлі қоғамдық көліктің, тәжірибелі жүргізушінің, тіпті куәлігін жаңа алған 18 жастағы жүргізушінің сақтандыру компаниясынан өтемақы талап етуге құқығы бар.

Францияның жолымен жүретін әр жүргізуші де көлігін сақтандыруға міндетті. Заңнама бойынша сақтандырылмаған көлік иесіне бірінші 500 еуро, екінші рет ұсталса, 4 мыңға жуық еуро көлемінде айыппұл салынады. Одан әрі жол ережесін бұзып, жол полициясына әртүрлі жағдайда ұсталса, жүргізуші куәлігінен айыру, көлік жүргізу құқығын шектеу, қоғамдық жұмысқа тарту, ірі көлемде айыппұл салу, көлікті тәркілеу сияқты жазалар қолданылады.

Бұдан көлікті сақтандырудың қаншалықты маңызды екенін білуге болады. Дегенмен сақтандыру полисі – жүргізушінің өзіне қажет құрал.

Көлікті сақтандыру үшін не істеу керек? Сақтандыру полисінің тағы қандай пайдасы бар?
Көлікті сақтандыру үшін сақтандыру ұйымынан міндетті автосақтандыру полисін алу қажет. Мысалы, нарықтағы ең қолайлы және тиімді ұсыныстардың бірін беретін Amanat компаниясынан полисті Аmanat24.kz сайты арқылы немесе “7310” нөмірі бойынша call-center көмегімен 5 минутта рәсімдей аласыз.

Компания сіздің кінәңізден болған жол-көлік оқиғасы кезінде үшінші тұлғаға келтірілген шығынды есептеп, төлеп береді. Егер оқиға басқа адамның кінәсінен болса, Amanat компаниясы сізге келтірілген шығынды өтеп қана қоймай, қызметкерлері қарсы тарапты іздеп, тауып, оны сақтандырған компаниямен келіссөз жүргізеді, барлық құжатты дайындайды.

Көлігіңіз ешқандай жол апатына ұшырамай, өздігінен бұзылса немесе механикасында ақау шыға қалса, мәселені өзіңіз немесе досыңызды шақырып шешуге тырысасыз. Мұндай жағдайда Amanat компаниясы әлдеқайда тиімді көмек ұсынады. Компания мамандары көлігіңіздің дөңгелегі жарылса, үрлеп немесе басқасына ауыстырып береді. Отырып қалған аккумуляторды қуаттайды, жолда жанармай таусылып қалса, құйып береді. Көлік бұзылса, тіпті механикалық ақау болған күннің өзінде эвакуаторды тегін шақырады.

Компания қызметтері аптаның 7 күнінде де тәулік бойы көрсетіле береді. Клиент кез келген уақытта тегін техникалық көмек ала алады. Барлық мәселені тәулік бойы “7310” бірыңғай нөмірі бойынша шешуге болады.

Егер полисті Аmanat24.kz сайтынан онлайн сатып алсаңыз, 10% жеңілдікке ие боласыз.

Автокөлікті сақтандырудың тағы бір түрі – каско. Касконы ерікті түрде сатып аласыз. Міндетті автосақтандыру полисі сіздің басқа жүргізушінің алдындағы жауапкершілігіңізді қамтыса, каско көлікті сақтандырады. Каско тек жол-көлік оқиғаларымен шектелмейді: көліктің есігіне сызат түсіріп алу мен әлдебір затқа соғып алғаннан бастап оның ұрлануы немесе өртеніп кетуіне дейінгі алуан қатерді қамтиды. Жөндеуге қаражат құртпайсыз, мұның бәрін сақтандыру компаниясы өтеп береді.

Әрдайым клиентімен достық қарым-қатынаста болуға ұмтылатын Amanat компаниясынан да каско сатып алуға болады. Оны кез келген уақытта, қайда жүрсеңіз де, пайдалана аласыз.

Amanat компаниясының клиенті көлігін өрт, жарылыс, жол-көлік оқиғасы, табиғи апат, ұрлық, автокөліктің бөгде заттан зақымдануы, соғылуы, үшінші тараптың заңсыз әрекеті, жолдың бұзылуы, жануарлардың көлік астына түсуі, су тасқыны сияқты кем дегенде 17 қауіпті жағдайдан сақтандыра алады.

Касконың пайдасы қандай?
Мәселен, көліктің оптикасы бүлінсе не оңай алынатын бөліктері тоналса, тасымалдау кезінде бұзылса, өздігінен өртеніп кетсе немесе лаңкестік әрекеттен көлікке залал келсе, Amanat бұл шығындарды өтеп береді.

Көлігіңізді қылмыскерлер ұрлап кетсе, алайда кілті мен құжаттары ішінде қалып қалса, тіпті көлік күзетілмейтін тұраққа қойылса да, компания шығынды өтеуден бас тартпайды.

Көліктің алдыңғы әйнегіне тас тиіп зақым келсе, шығын ешқандай шектеусіз өтеледі.

Көлік мұз астына түсіп кетсе немесе дұрыс жұмыс істемеуінен, жөнделмегенінен өрт пайда болса, өздігінен қозғалғанда зақым келсе, сыртқы бояуы бүлінсе, сызат түссе, Amanat бұл шығындарды өз мойнына алады.

Amanat-тан каско сатып алған адам эвакуатор қызметін және техникалық қосымша көмекті пайдалана алады.

Компания қызметкерлері әр клиентпен қарым-қатынасын берік достыққа теңейді. Әдетте, нағыз жолдасты бірнеше жылдан кейін танып, оған сенім арта бастаймыз. Бірақ Amanat-тан адал достықты әп-сәтте сатып алуға болады екен.

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста