Бұрындары дүкен сөрелерінен «Аққайың шырынын» жиі кездестіруші едік, кейін көрінбей кетті.
Майра МАНАТБЕКОВА, Алматы
Мамыр және маусым айларында аққайыңның қабығын тілсе шырыны ағады. Ол үшін әуелі сол тілікке сыятындай ыдысты алдын ала дайындап алу керек. Қазақта мұны қайың сауу деп атаған. Қайың шырынында қант, қышқыл және әртүрлі болымсыз химиялық элементтер бар. Қант құрамында глюкоза, малтоза, сахароза бар. Ал қышқыл құрамында жапырақ қышқылы, глютамин қышқылы бар. Қайың сұйықтығының құрамында кальций, магний, натрий, калий, фосфор, мырыш және темірдің ептеген қатарлары бар. Аққайың шырыны медицинада қан аздыққа, сулы ісікке, қышыма, буын ауруларына, бүйрекке тас байлану, көз ауруларына қарсы пайдаланылады.