Бүкіл дүниежүзіне тарайтын «Америка дауысы» радиостансысы АҚШ-тың өзінде неге таратылмай келді?
Ерболат, Алматы
1942 жылы нацистік үгіт-насихатқа қарсы саясатты жүргізу мақсатында «Америка дауысы» радиостансысы құрылып, соғыстан кейін 40 тілде таралды. Ал қырғиқабақ соғысы кезінде америкалық үгіт-насихаттың аса күшті құралына айналды. Қарапайым америкалықтардың бұрмаланған ақпараттарды тұтынуынан қауіптенген Конгресс 1948 жылы Смит-Мундт заңын қабылдап, АҚШ тұрғындарына Мемлекеттік департаментке «Америка дауысы», «Азаттық радиосы» және өзге де БАҚ арқылы тікелей хабар таратуға тыйым салды. Дегенмен сол тыйымға қарамастан, қысқа толқынды қабылдағыш арқылы, кейінірек интернет арқылы радионы тыңдай алды. Бұл шектеу биыл алынып тасталды.
«Америка дауысы» АҚШ-та неге таратылмады?
Последние статьи автора