Алтын және зергерлік бұйымдар туралы 5 миф

Зергерлік дүкенге барамыз: алтынды сатып ала отырып, неге мән беру қажет.

Алтын немесе зергерлік бұйымдарды сатып ала отырып, нені басшылыққа алған дұрыс? Сәнді үрдістерге ме, жеке талғамға ма, әлде мамандардың кеңесіне ме? Осы бір қымбат металдың басы-қасында түрлі стереотиптердің қалыптасқаны өте қызық! Осыларды талдап, қалыптасқан мифтерді айқындап, шындығында алтын дегеннің не екендігін ашып көрсетеміз.

№ 1 миф. Алтын ең берік бағалы металл.

Зергерлік дүкен сөрелерінен біздің көретіндеріміз таза алтын емес, жай ғана құрамында осы табиғи байлық кезедсетін металдар қорытпасы. Таза алтын жұмсақ әрі иілгіш келеді, сәулет өнерінде және қолданбалы қолөнерде шіркеу күмбездерін жабу үшін қолданылады. Кейбір елдерде алтынды сусындарға қосады, таза алтын қосылған үлбірлерден десерт дайындайды. Зергерлік бұйымдардан алтынның құрамын оның сынамасы арқылы жеңіл анықтауға болады. Ең көп кездесетін 585-сынама бұл металда таза алтын мөлшері 58,5% екенін көрсетеді.


№ 2 миф. Сары алтын — нағыз алтын

Алтын туралы, Тутанхамон қазынасының аңызы мәңгілікке алтынның бағалы металл екендігін бейнелейді. Шын мәніндегі таза алтынның түсі ашық сары. Тек қана ХХ ғасырда ғалымдар қымбат металдың түсін өзгерте алатын лигатура қолдануға кірісті. Лигатура – алтынның эстетикалық және физикалық қасиеттерін жақсарту үшін зергерлік бұйымдардың құрамына қосылатын арнайы қорытпа. Кеңес дәуірін еске түсірсек, жылы түстерден жасалған зергерлік бұйымдар сұранысқа ие болғаны белгілі, біздің аналарымыз бен әжелеріміз қызыл алтыннан жасалған үйлену сақиналарын әлі күнге дейін тағып жүр.
Бүгінгі таңда зергерлердің тәжірибесі әртүрлі. Платина, палладий және никель алтынның ақ түстері үшін, ал қызыл үшін кобальт және сары және қызғылт сары үшін мыс жауапты екенін білеміз. Алқызыл алтын алтынға мыс пен күмістің қосындысынан, ал қара алтын алтынға кобальт пен хром қосудан алынады.
Қазіргі ғалымдар сәнді дизайнымен, өзіндік түсімен және ақсүйектік жарқылымен күшті өнімді жасауға мүмкіндік беретін инновациялық лигатураны құруға талпыныс білдіруде. Бірақ, лигатура үшін стандарттар мен нормалар жоқ болғандықтан, әр өндірісте технологиялық асхананың өз құпиясы бар екендігін де ұмытпаған жөн.

№ 3 миф. Ақ алтын «қарапайым» түрінен қымбатырақ

Бұл әрдайым олай емес. Ақ алтын сарыдан гөрі «жақсы» емес, өйткені металдың құны, ең алдымен оның сынамасы арқылы анықталады. Осылайша, 585-ші сынамалы ақ және сары алтын мүлде тең дәрежеде бағаланады. Алтынның ақ түстері палладийдің немесе никельдің химиялық формуласын қосу жолымен алынады. Мұндай алтынның қорытпасы болмашы түрде сарғыш түсті реңк береді, оны алып тастау үшін зергерлер родиймен қаптайды.
Егер палладий лигатура ретінде пайдаланылса, мұндай қорытпа шынымен никель лигатурасы бар қорытпаға қарағанда қымбатырақ болады, өйткені платина және палладий қымбат металдар болып есептеледі және никельден әлдеқайда қымбатырақ.
Палладий қорытпаға қосымша беріктік пен бозарған реңк сыйлайды. Мұндай материалдар әлдеқайда жоғары иілгіштік қасиетке ие, қыздырылған кезде түсі жоғалмайды және ақырғы өңдеуден кейін аса қарқынды күйде болады. Әрбір өндіруші өзінің палладий компонентін алтын зергерлік бұйымдарға бөледі. Механикалық сипаттамалары жеткілікті, құрылымның жылтырлығы мен қаттылығы 10,5% құрайды. Ақ алтынның «бюджеттік» нұсқасы құрамында никель, мыс және мырыш бар.

№ 4 миф. Алтын аллергия туғызбайды

Алтынның тотықсыздануына байланысты аллергиялық реакцияны тудыратын ыдырайтын өнімдерді шығара алмайды деп есептеледі. Алайда, дене алтынның өзін емес, қорытпаның құрамдас бөліктерін қабылдамауы мүмкін.
«Маған медициналық әдебиеттерде алтынға туындаған аллергия жағдайлары кездескен жоқ. Яғни таза алтынға деген аллергия. Аллергиялық реакцияларды алтынның қасындағы қорытпалар туғызып жатады. Мысалы, никель. Сондай-ақ, жергілікті тері тітіркенуін косметика, тұрмыстық химия да туғызуы ғажап емес», - дейді «XXI ғасыр» медициналық орталығының аллерголог дәрігері Алла Шкредова. Оның пікірін әріптесі, «Аллергомед» клиникасының қызметкері Светлана Кононова да қолдайды. «Тіпті 999 сынамалы қымбат металдарда 0,1% қоспа болғанның өзінде, мұндай реакция жүруі әбден мүмкін», - дейді дәрігер.
2000 жылы Еуроодақта никель аллергиясына байланысты осы металлды ақ алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға қосуға тыйым салынды, бірақ никель қорытпалары әлі де Ресейде қолданылып келеді.

№ 5 миф. Жақұттар тек қана платинаға қойылады.

Шындыққа мүлдем сәйкес келмейтін, десе де аға буын өкілдері арасында белсенді түрде айтылып жүрген тағы бір тұжырым бар. Платина - сирек кездесетін және қымбат метал, ол ерекше беріктік қасиетке ие, сол себепті зергерлік істе оны пайдалану тиімсіз. Бүгінгі таңда платинаның 90% химия өнеркәсібінде, ғылымда қолданылады, ал зергерлік өндірісте аз мөлшерде қолданылып жүр.
Бүгінде жақұттан жасалған жиектемелер үшін әр түрлі алтын қорытпалар қолданылып жүр. Жетекті рөлді ақ алтын иеленіп отыр. «Адамдарға көрнекі жеңілдік ұнайды, сол себепті олар салқын реңктерді таңдап жатады. Ақ алтын бұйымды жарқырата көрсетіп, безендіруді әдемілей отырып, жақұттың мінсіз мөлдірлігін көрсетеді», - деп түсіндіреді Татьяна Кырбасова.

Дереккөзі:​www.7ya.ru

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста