Алтын Қыран ордені туралы білгім келеді. Жалпы бұл марапатқа ие болған саясаткерлер санаулы ғана дейді. Нақты мәліметтер берсеңіздер?
Бақытжан КЕҢЕСБЕКҰЛЫ, Астана
Алтын Қыран ордені – Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы награда. Қазақстан президенттігіне сайланған тұлға осы орденмен марапатталады. Наградада алтынмен бейнеленген қыран болады және ұсақ жұлдызшалармен мойынға тағатын алқасы бар. Алтын Қыран орденімен мынадай тұлғалар марапатталған:
1. Ислам Каримов – Өзбекстан Президенті (1997)
2. Борис Ельцин – РФ тұңғыш Президенті (1997)
3. Елизавета II – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия королевасы (2000)
4. Леонид Кучма – Украинның экс-президенті (1999)
5. Герхард Шрёдер – Германияның экс-канцлері (2003)
6. Владимир Путин – РФ премьер-министрі (2004)
7. Хосни Мубарак – Мысыр елінің Президенті (2008)
8. Акихито – Жапония императоры (2008)
9. Халифа бен Зайд әл-Нахайян – шейх, БАӘ Президенті (2009)
10. Халонен, Тарья – Финляндия Президенті (2009)
11. Ли Мен Бак – Оңтүстік Корея Президенті (2009).