«Алтын адам» жайлы жаңа кино түсіріліпті», Тәуелсіздік мерекесі кезінде көрсетіледі екен деп естідік, осы қауесет пе, әлде шын ба?
Гүлзат Шынтаева, Түркістан қаласы
«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, «Алтын адам» құнды экспонаты жайлы жаңа туынды жарық көргені рас. Дәлірек айтсақ, ол шытырман оқиғалы фильмге арқау болып отыр. Әлдебір қарақшылардың торуылдауымен қолды болған әлгі жәдігерді тонады деген айыппен Айша есімді басты кейіпкер түрмеге жабылады. Өзінің жазықсыздығын дәлелдеу әрі Қазақ елінің мақтанышы болып саналатын «Алтын адам» экспонатын құтқару үшін Айша түрмеден қашады. Фильмде қаршадай қазақ қызының өршіл рухы, қиындыққа қасқая қарсы тұрған қайсар бейнесі, Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты қатар өріледі.
Басты рөлдерде Гауһар Нұрмағанбетова, Санжар Мәдиев, Қорлан Жолжақсынова, Меруерт Өтекешова, Меңтай Өтепбергенов және т.б. елге белгілі әртістер ойнаған бұл фильмнің режиссері – Еркін Рақышев.
Тәуелсіздік тойына тарту ретінде ұсынылған фильм желтоқсанның 16-сынан бастап Алматы және Астана кинотеатрларында көрсетілді.
«Алтын адамды» кім ұрлады?
Последние статьи автора