Қазіргі уақытта қаланың бас жоспары өзгеруіне байланысты қала көшелерінің бірқатары ұзартылды. Осы орайда білейін дегенім, Алматыда ең ұзын қай көше?
Дәурен ЕРМЕКБАЙҰЛЫ, Алматы қаласы
Кейінгі жылдарда қаланың бас жоспары өзгеруіне байланысты қала көшелерінің бірқатары ұзартылды. Солардың ішіндегі ең ұзыны –
С.Сейфуллин атындағы көше. Сейфуллин көшесі І-темір жол вокзалынан бастау алып, оңтүстікке қарай, әл-Фараби даңғылын қиып өтіп, Таулы қырат елді мекеніне дейін созылып жатыр. Көшенің ұзындығы – 11,5 шақырым.
Ең қысқа көше – Бах атындағы ұзындығы 50 метрдей болатын көше.
Атауы ең ұзақ – Сельскохозяйственная көшесі.
Атауы ең қысқа – Пик және Бах атындағы көшелер.
Алматыдағы ең ұзын қай көше?
Последние статьи автора