Алматыда қала күні мерекесі кейінге шегерілді деп естідім. Сол рас па? Егер солай болса қала күні биыл қай уақытта тойланады?
Маржан АСЫЛБЕКОВА, Алматы
Алматы қалалық мәслихаты қызметкерлерінің айтуынша, қала күні әдетте қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын. Биыл мерекені тойлау қыркүйектің 20-сына ауыстырылып отыр. Бұл шешім биылғы шілде айында қалалық мәслихаттың отырысында қабылданды. Қазан айында ауа райының суытатынына байланысты, Алматы қаласының туған күні бұдан былай қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Оңтүстік астанамыздың қала болып іргелену тарихына келсек, ол жөнінде ғалымдарымыздың пікірлері сан алуан. Бірақ зиялы қауымның көпшілігі «Алматының 1500 жылдан астам тағдыр-талайы бар» деген тұжырымды қолдайды.