Әлеуметтік төлемдер қалай есептелінеді?
Екі құрбымның жүктілікке байланысты алған әлеуметтік төлем мөлшері екі түрлі. Осы орайда менің білгім келгені – жүктілікке байланысты әлеуметтік төлемдер қалай есептелінеді?
Замира Гатауллина, Алматы облысы
Әлеуметтік төлем (ӘТж) мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы ай сайын қорға түскен әлеуметтік аударымдардан соңғы күнтізбелік 12 айда анықталған орташа айлық табысты (ОАТ) тиісті коэффициентке көбейту жолымен айқындалады. ӘТж=ОАТ*К, К=4,2 (немесе 4,7; 5,7; 6,2; 1,9) – жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күндеріне байланысты анықталады, яғни (126 күнге – 4,2; 140 күнге – 4,7; 170 күнге – 5,7; 184 күнге – 6,2; 56 күнге – 1,9). ОАТ=(ЕТ1+ ЕТ2+ …+ ЕТn)/n ЕТn –n айында ескерілген табыс n – айлар саны 1≤N≤12; ЕТn=ӘАn*100%/ ӘА ставкасы, ӘА – әлеуметтік аударымдар; ӘАn=(табыс-10%МЗЖn)*ӘА ставка, МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналары; ӘА ставкасы 2009 жылда – 4%, 2010 жылда – 5%. 2) Заңның 23-2-бабына сай, ӘТк ОАТ ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады. Табысты ауыстыру коэффициенті – 0,4 болады (орташа айлық табыстың 40%). Яғни: 1) Әлеуметтік төлем = ОАТ * 0,4 2) ОАТ = (ЕТ1 + ЕТ2 + ....ЕТ24)/24 3) ЕТ = ӘА*100/ӘА ставкасы ЕТ = ескерілген табыс ӘА – ай сайынғы әлеуметтік аударымдар сомасы = (табыс – 10% міндетті зейнетақы жарналары)*ӘА ставкасы. ӘА ставкасы – 2007-2008 жж. = 3 %, 2009 ж. = 4 % ал 2010 ж. 5% құрады.