Әлемдегі парламенттердің атаулары әрқалай
Елімізде жаңа Мәжіліс сайланды. Ал басқа елдерде парламенттердің атаулары қалай аталады?
Ринат ҒИЗАТОВ, Алматы
Дүниежүзіндегі парламенттердің атаулары әрқалай. Солардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек, Абхазияда, Арменияда, Белоруссияда, Белизде, Вануатуда, Венгрияда –Ұлттық жиналыс, Австралияда, Ұлыбританияда, Германияда, Грузияда, Грецияда, Мысырда, Италияда, Канадада, Молдовада, Малайзияда, Науруда, Польшада – Парламент, Австрияда, Ресейде – Федералдық жиналыс, Әзірбайжанда – Милли Мәжіліс, Албанияда, Косовода – Кувенд, Андоррада – Бас Кеңес, Ауғанстанда, Замбияда, Кубада – Ұлттық Ассамблея, Бельгияда – Федералдық Парламент, Болгарияда – Халықтық жиналыс, Босния және Герцеговинада – Парламенттік скупщина, Бразилияда – Конгресс, Бутанда – Цонгду, Данияда – Фолькетинг, Израильде – Кнессет, Үндістанда – Сансад, Иорданияда – Мажлис, Иракта – Өкілдер Кеңесі, Иранда – Исламдық консультативтік Кеңес, Ирландияда – Ойрахтяс, Исландияда – Альтинг, Испанияда – Бас кортестер, Кипрде – Өкілдер палатасы, КХР-да – Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы, Латвияда, Литвада – Сейм, Норвегияда – Стортинг, Сауд Арабиясында – Мәжлис аш-Шура, Хорватияда – Сабор, Швецияда – Риксдаг, Эстонияда – Рийгикогу, Жапонияда Коккай деп аталады.