Әлемдік саясатқа ықпал ететін интеллектуалды зиялы орта бар ма және олардың кімдер екенін білуге бола ма?
Махамбет БАСЫҒАРАЕВ, оқушы
Әлбетте, бар. Әйгілі Foreign Policy журналы 2005 жылы және 2008 жылы әлемдегі 100 интеллектуалды зиялылардың рейтингін жариялады. Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін сол журналдың былтырғы рейтингісінің қорытындысын ұсынып отырмыз. Сонымен үшбу журнал бойынша ең үздік интеллектуалды жүздік қатарында 17 саясаттанушы, 15 экономист, 12 философ, 12 журналист және жазушы, экологтар, заңгерлер, діни көшбасшылар, қоғам қайраткерлерінің есімдері аталады. Тізімді дін өкілі Фетһуллаһ Гүлен бастап тұр. Бұл тізімге журналист-саясаттанушылар Фарид Закариа, Томас Фридман, саясаттанушылар Самуэль Хантингтон, Фрэнсис Фукуяма, тарихшы Бернард Луис, Рим Папасы Бенедикт XXVI, лингвист-саясаттанушы Ноам Хомски, қоғам қайраткері Эл Гор, әскери стратег Дэвид Петреус, канадалық ғалым Майкл Игнатьефф, мысырлық теолог Жүсіп әл-Кардауи, британдық тарихшы Найал Фергюссон, неміс философы Юрген Хабермас, британдық биолог Ричард Доукинс, дат экологы Бьерн Ломборг, сомалилік жазушы Айан Хисри, Сингапур саясатының патриархы Ли Куан Ю, үндістандық экономист Амаратья Сен, жазушы Умберто Эко, пәкістандық жазушы Салман Рушди, чех мемлекет қайраткері Вацлав түрік мемлекет қайраткері Орхан Памук, Перу мемлекет қайраткері Марио Варгас Льоса, ресейлік атақты шахматшы Гарри Каспаров, экономист Егор Гайдар енген.
Әлемдегі ең үздік интеллектуалды топ – журналистер мен саясаттанушылар
Последние статьи автора